ҚФФ Бас хатшысы қызметінен кететінін мәлімдеді

0
752

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетуі мүмкін.


ҚФФ Бас хатшысы қызметінен кететінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр, деп жазады vesti.kz.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матчтан кейін Азамат Айтхожин мен ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов екеуі ұлттық құраманың киім ауыстыратын бөлмесіне кірген. Тоғжановтың ойыншылар бөлмесіне не себепті кіргені белгісіз, алайда ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин футболшыларға кездесуден кейін алғысын білдіріп, қызметінен кететінін айтқан.

Айтхожиннің орнына "Қазақмыс" басшысының бұрынғы орынбасары – Әділет Барменқұлов келуі мүмкін. Ол соңғы жарты жылда федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, қарағандылық "Шахтердің" директорлар кеңесінің басшысы қызметіен атқарады.