Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атағын қорғап қалды

0
771

Бес раундқа есептелген жекпе-жек үш раундқа ғана созылды.


Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атағын қорғап қалды

ERNUR.KZ. Ресейлік аралас жекпе-жектің спортшысы Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде UFC 242 турнирінде әлем чемпионы атағы үшін титулдық кездесуде америкалық Дастин Порьені жеңді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бес раундқа есептелген жеңіл салмақтағы UFC чемпионы мен ұйымның уақытша чемпионы арасындағы жекпе-жек үш раундқа ғана созылды.

Алғашқы екі раундта дағыстандық спортшы партердегі қарсыласын бақылаумен айналысты. Бірақ шыны керек, екінші раундтың басында Хабиб өзіне бірнеше жойқын соққылар жіберіп алды. Десе де тез өзіне келіп, қарсыласынан басым болуға тырысты. Үшінші раундта Нурмагомедов артынан тұншықтыру әдісін қолданып, нәтижесінде Порье берілді.