Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы рейтинг жаңартты

0
549

Бұл тізім наурыздан бері өзгермеген болатын.


Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы рейтинг жаңартты

ERNUR.KZ. Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы спортшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Хабар24.

Жақсы нәтиже көрсетіп жүрген екі жерлесіміз орындарын сақтап қалды. Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина 17, ал Юлия Путинцева 33-сатыда тұр. Ал Зарина Диас екі сатыға төмендеп, 66-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ жұптасып өнер көрсету бәсекесінде Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 62-орынға, Анна Данилина 126 орынға, Путинцева 171 орынға төмен сырғыды.

Әлемнің ең үздік теннисшілерінің алғашқы үштігінде еш өзгеріс жоқ. Наурыз айына дейін рейтинг көшін бастап келген австралиялық Эшли Барти өз орнында қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.