Халықаралық турнирде қыздарымыз бокстан финалға шықты

0
1 261

Польшада бокстан әйелдер арасындағы бокста қыздарымыздың бағы жанды


Халықаралық турнирде қыздарымыз бокстан финалға шықты

ERNUR.KZ. Польшада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан халықаралық турнирде үш қазақстандық боксшы финалға шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 жоғары салмақ) алтын медаль үшін шаршы алаңға көтеріледі.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) 1/2 кезеңінде франциялық Мари Коннаннан басым түсті. Енді ол финалда 5 дүркін әлем чемпионы Мэри Коммен (Үндістан) бақ таластырады. Жайна Шекербекова (51 келі) жартылай финалда тағы бір үнді елінің өкілі Рита Гревалды тізе бүктірді. Енді ол ақтық кездесуін жергілікті Сандра Дарибикпен өткізеді. Ал аса ауыр салмақта (+81) ел намысын қорғап жатқан Ләззат Күнгейбаева болса, Сильвия Кусяктан (Польша) айласын асырды. Есеп - 5:0.