Францияның Анже қаласында 1А дивизионында алғашқы тур өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.
Францияның Анже қаласында 1А дивизионында бүгін алғашқы тур өтті.
Кездесу барысында қазақстандық құрамадан Әділ Бейсембаев 1-минутта есеп ашты. Одан кейін Артур Гросс 14-минутта есепті үстемелесе, Әділ Бейсембаев 15-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы енді 24 сәуірде Жапониямен ойнайды.
Ал 26 сәуірде Дания, 27 сәуірде Украина, 29 сәуірде Франциямен шеберлік байқасады.