Ихсана Мадиярқызы - мұз айдынының жас жұлдызы.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Ихсана Мадиярқызы – «Барыс» хоккей клубы ұлдар командасы құрамындағы жалғыз қыз бала, деп жазады Елорда Инфо.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Ихсана Мадиярқызы – «Барыс» хоккей клубы ұлдар командасы құрамындағы жалғыз қыз бала. Хоккеймен 5 жасынан бастап айналысатын кішкентай ғана жұлдызымыз аталмыш клуб сабында 3 жылдан бері өнер көрсетеді», - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, алдыңғы қатарлы ойыншылардан қалыспай жүрген Ихсана Канада елінен келген Хоккей федерациясы елшісімен кездесуге арнайы шақырылған.
«Анасының айтуынша, қызының хоккейге қызығушылығы отбасымен бірге ҚХЛ шеберлік ойындарын тамашалағаннан соң пайда болған. Кейін барыстықтар қабылдау жүргізгенде ойланбастан құжат тапсырған. Алғашқы жаттығулардан-ақ бапкер қыз баланың ерекше дарыны барын анықтаған. Алдағы уақытта Ихсана түрлі додаларда үлкен табысқа жетеді деп сенеміз», - делінген хабарламада.