Килиан Мбаппе 700 миллион еуро жалақысынан бас тартты

0
2 037

Француздық шабуылшы Килиан Мбаппе «Әл-Хилал» футбол клубының менеджерлерімен келіссөздерді үзді.


Килиан Мбаппе 700 миллион еуро жалақысынан бас тартты

ERNUR.KZ. Саудиялық клуб ПСЖ шабуылшысы үшін 300 миллион еуро ұсынып, маусымына 700 миллион еуро жалақы беруге уәде берді, деп жазады zakon.kz.

Осылайша ПСЖ мен "Әл-Хилал" өкілдерінің күні кеше басталған келіссөздері нәтиже бермеді. Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының ең атақты клубтарының біріне ауысқысы келмеді.

Аль-Хилал француз суперклубына 24 жастағы шабуылшының трансфері үшін 300 миллион еуро ұсынған. Сауд Арабиясы командасының өкілдері Парижге Килиан Мбаппемен келісімшартты талқылау үшін арнайы келген.

Алайда Мбаппе бұл тақырып туралы айтқысы келмеді: ойыншының менеджерлері келіссөздерден бас тартты. Сарапшылардың пікірінше, француздық шабуылшы ешқашан Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуға мүдделі болмаған.

Футбол мамандарының болжауынша, Килиан Мбаппенің басты және түпкі мақсаты – "Реал Мадрид" жейдесін кию, дегенмен бұл клуб соңғы уақытта мұндай трансферге онша қызығушылық танытпайды.

Еуропадағы ең титулды клуб келесі маусымның соңын күтуде, ол кезде Мбаппе оларға тегін трансфермен қосыла алады.

Бұған дейін Аль-Хилал америкалық "Интер Майамиге" ауысуды таңдаған Лионель Мессиге 1,2 миллиард еуроға келісімшарт ұсынған болатын.