Коньки жарысы бойынша әлем кубогында қазақстандық спортшы рекорд жаңарды

0
2 615

Спортшы 5 шақырымдық аралықты 6 минут 40 секундта бағындырды.


Коньки жарысы бойынша әлем кубогында қазақстандық спортшы рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Нидерландта коньки жарысы бойынша әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар24.

Жарыстың кезекті күні қысқа және орта қашықтықтағы бәсекелер өткен. Ұлттық құрама сапындағы Виталий Щиголев 1500 метрлік сынға қатысып, жалпы есепте 14-орын алды. Ал Екатерина Айдова 500 метрлік жарыста 13-ші көрсеткішке ие болды. Әйелдер арасындағы масс-сатртта қазақстандық Ольга Тихонова 19-сатыдан табылды. Жеңіске жергілікті спортшылар жетіп жатыр. Бұған қоса, АҚШ пен Ресей өкілдерінің көрсеткіштері жоғары. Ал дәл осы Хервенен қаласындағы жасөспірімдер арасындағы бәсекеде қазақстандық рекорд жаңарды. Бақдәулет Сағатов 5 шақырымдық аралықты 6 минут 40 секундта бағындырды.