Әлемнің кей елдерінде еркектер көркем гимнастикасы спорттын меңгере бастады. Шығыс елдері тіпті спорттың бұл түрінен жігіттер арасында жарыс та ұйымдастырыпты.
Бірқатар дамыған елдерде әйелдер спорт түріне ерлер араласуда, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі.
Спорттың кей түрлері бір орында тұрып қалмай қарқынды дамып, оған көптеген өзгерістер енгізілуде. Бүгінде ерлерді әйелдер спорт түрлеріне енгізу жұмыстары қарастырылып, оң нәтиже беруде. Солардың бірі ерлердің синхронды жүзу спортына енуі. Бұл тәртіпті Халықаралық жүзу федерациясы қарастырып аралас жұптар етіп жаңа түрін енгізді.
Әйелдер спортына ерлердің араласпаған жалғыз түрі көркем гимнастика еді. Қазіргі таңда, ерлер көркем гимнастикасын да меңгере бастады. Көркем гимнастикадағы мұндай өзгерістерді Халықаралық гимнастика федерациясы әзірге мойындамай отыр.
Дегенмен аталған спорт түрі Австралия, Канада, Малайзия, Ресей, Америка Құрама Штаттары, Корея, Жапония, Мексика сынды елдерде белсенді дамып келеді екен.
Бұл спорт түрінен Жапония елі өзінің чемпионатын өткізіп үлгерген.