​Көшпенділер ойындары: Қазақстан үздік үштікке кірді

0
1 727

9 алтын, 9 күміс және 14 қола медаль біздің спортшылардың қанжығасында.


​Көшпенділер ойындары: Қазақстан үздік үштікке кірді

ERNUR.KZ. ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынында қазақстандық спортшылар 32 медаль иеленді, деп жазады Baq.kz. ақпарат агенттігі.

9 алтын, 9 күміс және 14 қола медаль біздің спортшылардың қанжығасында.

Қазақша күрестен 70 келі салмақта Әбілқайыр Мәуленин алтын жүлде. Оның финалдағы қарсыласы жарыс қожайыны Мирлан Ералиев болды.

90 келі салмақта Ерсұлтан Мұсафаров өзбек Сарвор Икрамовтан басым түсті.

Абсолют салмақта Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы қарсыласының барлығын жайпап, көрермен қошеметіне бөленді. Бұл салмақта Нұрдаулет Жарылғапов қола жүлде алды.

Арқан тартыста біздің спортшылар командалық сайыста қола медаль еншілесе, жекелей сында команда капитаны Қайратхан Шонгу күміс медаль алды.

Мас-рестлингте біздің спортшылар 5 медаль иеленді, (4 қола, 1 күміс). Медет Есболаев (60 кг), Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав Старков (105 кг), Александр Краснов (125 кг), Дарья Нестерова күміс медаль алды (85 кг).

Сондай-ақ Қырғызстанның Қыршын жайлауында "Бүркіт салу" спорты бойынша жарыстар да мәресіне жетті. Жерлесіміз бүркітші Серікбек Күнтуғанұлы қола жүлдегер атанды. Алтын бәйге қырғыз бүркітшісіне бұйырса, күмісті башқұрстан бүркітшісі еншіледі.

Түркімен гураш (белбеу күресте) біздің екі спортшы Әділет Шалғынбекұлы (62 кг) және абсолютті салмақта Амандық Абылай қола медаль иеленді.

Сонымен, жалпы медаль саны бойынша Қырғызстан (43 медаль) - бірінші, Ресей - (24 медаль) екінші, Қазақстан - үш (32 иедаль), Түркіменстан - төртінші (18 медаль) орында тұр.

Қысқаша айта кетер болсақ, Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 80-нен астам елдің 3000-ға жуық спортшысы қатысуда. Олар 37 спорт түрінен бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғайды.