Қостанайлық "Тобылдың" ойыншылары "Таразға" қарсы мачтан соң тағамнан уланып қалған

0
982

Тамақтан уланған футболшылар ем қабылдап жатыр.


Қостанайлық

ERNUR.KZ. Тамақтан уланған қазақстандық футболшы Дмитрий Мирошниченко Ресей астанасына ұшып кетті. Ол Мәскеуде ем шараларын қабылдап жатыр, деп жазады elitar.kz.

Бас бапкер "Таразға" қарсы өткен ойыннан соң тағамнан уланып қалған футболшылардың жағдайы туралы айтып берді.

"Сенин Себат қазір жалпы топта жаттығуды бастады. Чемпионаттағы үзілістен соң Себат құрамға қосылады деп үміттенемін. Ал Дмитрий Мирошниченко Мәскеуде оңалту шараларынан өтіп жатыр. Шамамен 15 күннен соң оның да командаға қайтып оралуы ықтимал", - деді «Тобыл» ФК бас бапкері В.Газзаев.