ҚПЛ-дің тағы бір клубы жаттықтырушысыз қалды

0
885

45 жастағы маман 2021 жылдың желтоқсанында келген еді.


ҚПЛ-дің тағы бір клубы жаттықтырушысыз қалды

ERNUR.KZ. "Атырау" футбол клубының бас жаттықтырушысы Константин Горовенко қызметінен кетті, деп жазады vesti.kz.

Оның жаттықтыруымен "Атырау" ел чемпионатында бес рет жеңіске жетіп, алты рет тең ойнап және төрт ойында жеңіліс тапты. Бұл орынға 45 жастағы маман 2021 жылдың желтоқсанында келген еді.

Бұған дейін Горовенко бірінші лига клубтарын ("Қайрат А" және "Жетісу Б") жаттықтырған, "Қайраттың" жаттықтырушылар штабына кірген және қарағандылық "Шахтерде" қызмет еткен.

Қоса кетейік, бұған дейін ҚПЛ-де басқа да жаттықтырушылар орындарын босатты. Атап айтқанда Александр Москаленко "Тобылдан", Құрбан Бердыев - "Қайраттан", Владимир Муханов - "Ақтөбеден", Владимир Мазяр - "Ақжайықтан", Владимир Газзаев - "Тұраннан" кетті. Магомед Адиев "Шахтерден" Қазақстан құрамасына ауысса, Андрей Карпович "Қызыл-Жар" орнына "Ақтөбені" жаттықтыра бастады.