Қытай мен қазақ боксшының Астанадағы айқасы жылдам нокаутпен бітті

0
379

Сарибарова бірінші раундта-ақ үш рет нокдауға түсті.


Қытай мен қазақ боксшының Астанадағы айқасы жылдам нокаутпен бітті

ERNUR.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сарибарова Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" нокаутқа түсіп қалды, деп жазады Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында ол қытайлық Киан Лиден жеңілді.

Сарибарова бірінші раундта-ақ үш рет нокдауға түсті, осыдан кейін төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Аида турнирдің күміс жүлдегері атанды, Қытай боксшысы финалда алтынға таласады.