Бұл рекордтық цифрды әйгілі қос футболшы Франция чемпионатының 26-туры аясында "Нантқа" қарсы ойында қол жеткізді.
ERNUR.KZ. ПСЖ-ның қос шабуылшысы Лионель Месси мен Килиан Мбаппе кәсіби мансабындағы тағы бір рекордқа қол жеткізді. Егер аргентиналық клуб деңгейіндегі 1000-шы нәтижесін бағындырса, ал француздық "ПСЖ" тарихындағы ең мықты бомбардир атанды, деп жазады zakon.kz.
Бұл рекордтық цифрды әйгілі қос футболшы Франция чемпионатының 26-туры аясында "Нантқа" қарсы ойында қол жеткізді. 35 жастағы аргентиналық матчтың 12-минутында есеп ашты. Осылайша, Месси өзінің активіне мансабындағы 1000-шы тиімді әрекетін тіркеді. Ол "Барселона" мен "Пари Сен-Жермен" сапында 841 рет ойынға қатысып, 701 гол соғып, 299 рет пас берген.
Өз кезегінде Килиан Мбаппе "Нант" қақпасына допты дөп соғып, "париждіктер" тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Осы уақытқа дейін француздық өзінің астаналық клубы құрамында жүріп, 201 гол соғып, Эдинсон Каваниді басып озды (200).
Сондай-ақ, Килиан осы маусымдағы "ПСЖ-ның" 30 матчында 30 гол соқты. Сондай-ақ, ол 18 голымен Франция чемпионатының үздік бомбардирі деп танылған.
"Нантқа" қарсы ойында алаң иелері жеңіске жетті - 4: 2. Париждің суперклубының келесі матчы Чемпиондар лигасы аясында 8 наурызда "Баварияға" қарсы өтеді.