Ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раунд бойына жалғасты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Данила Семенов профи-рингте бесінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады zakon.kz
Ол Мәскеудегі бокс кешінде өнер көрсетіп, "Покемон" лақап атымен танымал аргентиналық Пабло Фариаспен жұдырық түйістірді.
Ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раунд бойына жалғасып, төрешілердің бірауыз шешімімен Семенов жеңіске жетті.
Төреші қазақстандықтың басын бұғып алғаны үшін бір ұпай шегертті. Бірақ бұл жекпе-жектің нәтижесіне түбегейлі әсер еткен жоқ.
Данила Семенов өзінің кәсіби мансабында бесінші рет жеңіске қол жеткізді, ал Пабло Фариастың бұл – алтыншы жеңілісі.