Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады.
ERNUR.KZ. Ресей астанасында каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда, деп жазады inform.kz
Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады.
Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды.