Матч кезінде жанкүйер өзін мойнынан қақпаға байлап тастады

0
908

Британиялық БАҚ мәліметінше, ер адам осылайша Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге инвестиция құюына қарсылығын білдірген.


Матч кезінде жанкүйер өзін мойнынан қақпаға байлап тастады

ERNUR.KZ. Англия чемпионатының "Эвертон" мен "Ньюкасл" арасындағы 20-тур матчі "Гудисон Парк" сатдионындағы жанкүйердің әрекетіне байланысты тоқтатылды, деп жазады vesti.kz.

Екінші тайм басында жанкүйер алаңға шығып кетіп, өзін қақпаға мойнынан байлап тастады. Бас төреші Крейг Поусон бірден ойынды тоқтатты, ал стюардтар оны босатып алды да, матч ары қарай жалғасты.

Осыдан кейін жанкүйерді полиция алып кетті. Бір қызығы өзге жанкүйер ұсталған ер адамды ұрмақ болған.

Британиялық БАҚ мәліметінше, ер адам осылайша Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге инвестиция құюына қарсылығын білдірген.

Матч кезінде жанкүйер өзін мойнынан қақпаға байлап тастады. Фото 1