Майа Манеза ресми түрде 2012 жылғы Олимпиаданың алтынынан айырылды

0
1 829

​Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) канадалық ауыр атлет Кристин Жирарды Лондонда өткен Олимпиада-2012 ойындарының ресми чемпионы деп таныды.


Майа Манеза ресми түрде 2012 жылғы Олимпиаданың алтынынан айырылды

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) канадалық ауыр атлет Кристин Жирарды Лондонда өткен Олимпиада-2012 ойындарының ресми чемпионы деп таныды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Өзімнің, бапкерлерім, отбасым мен жақтастарымның үлесінің арқасында 6 жыл өткенде олимпиада ойындарының бас жүлдесі менікі болды. Бұл алтын медаль "таза" спорттың куәсі болып табылады. Бұл мен үшін өте ммаңызды", - деп жазады телеарна Жирардың сөзін.

Жирар 63 келіс салмақ дәрежесіне дейінгі өнер көрсетуші спортшылар арасында бірінші болды. О баста кандалық спортшы қола медальді иеленген еді. Ресейлік Светлана Царукаева күміс медалінен, ал қазақстандық Майя Манеза алтын медалінен допинг сынамасының оң нәтиже беруіне байланысты қағылған еді.

Ұзақ уақытқа созылған сот процестері таза спортшыларға медальдарды үлестіру жұмыстары тағы біраз уақытқа созылуы мүмкін екен. Жирарға ресми түрде алтын медальді табыстау кейінірек болады.

Еске салайық, 5 мамырда Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға, ал Светлана Подобедова - 8 жылға спорттан шеттетілген еді. Олар 2012 жылы Олимпиада ойындарында жеңген медальдарынан төрт жылдан соң анықталған допинг сынамасынан кейін айырылды.