Мбаппеге ПСЖ-ның негізгі құрамымен жаттығуға рұқсат берді

0
1 298

ПСЖ басшылығы мен Мбаппенің "Лорьянмен" матч (0:0) алдында өткен оңды келіссөзінен кейін шабуылшы команданың негізгі құрамына оралыпты.


Мбаппеге ПСЖ-ның негізгі құрамымен жаттығуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Пари Сен-Жерменнің" негізігі құрамына қайта қосылды, деп жазады vesti.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ПСЖ басшылығы мен Мбаппенің "Лорьянмен" матч (0:0) алдында өткен оңды келіссөзінен кейін шабуылшы команданың негізгі құрамына оралыпты.

Мұның алдында клуб пен ойыншы келісімшарт бойынша келіссөздерді қайта бастағаны хабарланды. Дегенмен мәселе келісімді ұзарту емес, қарым-қатынасты реттеу жайлы болмақ.