Месси "Барселонаға" оралуы мүмкін

0
907

Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді.


Месси

ERNUR.KZ. "Барселона" басшылығы Лионель Мессиді қатарына қайта қосуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді. Егер Месси ПСЖ клубымен келісімшартын ұзартпаса 2023 жылдың жазынан бастап "блаугранада" ойнауы мүмкін.

Еске салайық, Лионель Месси 2003-2021 жылдары "Барселона" сапында алаңға 520 матчта шығып, 474 гол салды. Испаниялық клубпен Ла Лиганың 10 дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасын 4 рет жеңді. Сонымен қатар, Месси Катардағы әлем чемпионатында Аргентинамен бірге алтыннан алқа тағынды.