"Камп Ноу" стадионында болған ойын 1:0 есебімен "Барселона" жеңісімен аяқталды.
© fcbarcelona.cat
ERNUR.KZ. "Барселона" өз алаңында "Леванте" командасын жеңіп, 26-рет Испания чемпионы атанды, - деп жазады Vesti.kz.
"Камп Ноу" стадионында болған ойын 1:0 есебімен "Барселона" жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 62 минутта Лионель Месси соқты.
Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда "Барселона" 83 ұпай жинап, екінші келе жатқан мадридтік "Атлетиконы" тоғыз ұпайға озды. Командалардың ұпайы тең болған жағдайда да, турнир аяқталған соң каталон клубы қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары орналасады.