Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

0
842

Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады.


Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. Чемпионат 21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.

Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:30-да өтеді.

Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.