Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды

0
2 910

​Сальвадордың жас тұрғыны найзағай түскен кезде суда болған. Ол Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан.


Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды

ERNUR.KZ. Сальвадорлық серфингист қыз суда жаттығу кезінде көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

22 жастағы Кэтрин Диас Эрнандестің дәл жанына найзағай түскен.

Трагедия Тынық мұхитындағы Эль-Тунко жағажайында спортшының үйіне жақын жерде болды.

Кэтрин Диас Эрнандес Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан.

Жергілікті билік марқұмның отбасына көңіл айтты: Сальвадор ұлттық спорт институтының президенті Ямил Букеле Twitter-де хабарлама жариялады, елдің туризм министрі Морена Вальдес те қолдау сөз арнады.