Ойынның алғашқы минуттарынан бастап алаң қожайындары жылдам гол соғу əрекетінде болды.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан премьер лигасының 21 - тур аясында "Ордабасы" Қостанайда "Тобыл" клубымен тең ойнады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ойынның алғашқы минуттарынан бастап алаң қожайындары жылдам гол соғу əрекетінде болды. Мұның бір себебі "Тобыл" футболшылары Еурокубоктан шығып қалғаны еді. Олар жанкүйерлеріне жеңіс сыйлауды жоспарлаған болатын. Алайда бірінші таймда қақпаларға гол соғылмады.
Үзілістен кейін бірінші голды қостанайлықтар соқты. 54 - минутта Аслан Дарабаев мүмкіндікті мүлт жібермеді. "Тобыл" футболшылар бар - жоғы 10 минут қана есеп басымдылығын ұстап тұра алды. Ойынның 64 - минутында "Ордабасы" футболшысы Неманья Коич таразы басын теңестіріп кетті.
Қалған минуттарда қос команда футболшыларында екінші голды соғу үшін бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, қақпашылардың қатесіз ойыны шабуылшылардың есепті өзгертуге жол бермеді. Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталды.
Сонымен қатар, турдың өзге нəтижелері мынадай: "Жетісу" - "Ақжайық" - 1:1, "Шахтер" - "Қайрат" - 1:1, "Атырау" - "Қайсар" - 1:1, "Ақтөбе" - "Астана" - 1:1, "Қызыл Жар" - "Ертіс" - 1:0.