Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер беріледі

0
1 215

​Қостанай облысының әкімдігі қысқы ХІІ Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер сыйлайды, деп хабарлайды Baq.kz.


Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер беріледі

фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының әкімдігі қысқы ХІІ Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге пәтер сыйлайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы бүгін өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында айтты. Пхенчхандағы Паралимпиадада 1,5 км қашықтықтағы спринтте алтын медаль иеленген шаңғышыны жерлестері бірнеше күннен кейін салтанатты түрде күтіп алады.

Әкімдікте 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен Александрға жіліншік протезі беріліп, ол соның арқасында шаңғы спортымен айналысып, қарқынды түрде дайындалғаны айтылды. Мұндай протездің бағасы 1,9 миллион теңге тұрады. Осы жылы протезді ауыстыру үшін тағы осындай көлемде қаржы қарастырылуда.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің көпке үлгі боларлық спортшы екенін, сондықтан оның спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау керектігін айтты.

Айта кетейік, 14 наурызда қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл - еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.