Париж-2024: Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымда екі дүркін әлем чемпионымен белдеседі

0
280

Грек-рим күресінен сынға түсетін балуандардың жеребесі тартылды.


Париж-2024: Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымда екі дүркін әлем чемпионымен белдеседі

ERNUR.KZ. Бүгін грек-рим күресінен жарыс алаңына шығатын Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде-ақ екі дүркін әлем чемпионымен кездеседі, деп жазады stan.kz.

Грек-рим күресінен сынға түсетін балуандардың жеребесі тартылды. Жарыстың алғашқы күнінде бозкілемге шығатын 60 және 130 келідегі балуандардың қарсыластары анықталды. 60 келіде ел намысын қорғайтын Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде-ақ осы дүрмектің басты фавориті саналатын, екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен күреседі. Сондай-ақ бұл топта жапондық Кеничиро Фумита мен ирандық Нежат Мохсен де бар.

130 келіде сынға түсетін Әлімхан Сыздықов та мықты топқа түскен. Ол алғашқы айналымда румыниялық Алин Алексукқа қарсы белдеседі. Сондай-ақ Әлімханның тобында төрт дүркін олимпиада чемпионы, кубалық Михаин Лопес бар. Екеуінің жолы жартылай финалда түйісуі мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстан грек-рим күресінен соңғы рет Бейжің олимпиадасында жүлде алған еді. Одан кейін қазақстандық балуандар жеңіс тұғырынан көрінген жоқ.