Париж-2024: Ел қоржынына 47 жолдама түсті

0
467

Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.


Париж-2024: Ел қоржынына 47 жолдама түсті

ERNUR.KZ. Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол трап жаттығуында финалға шықты. Ереже бойынша финалға шыққан 4 мергенге жолдама беріледі.

Айта кетейік, Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген. Сонымен қатар өткен жылы Бакудегі әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.

Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.