Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксингтен Әлем кубогі өтіп, Павлодар облысының спортшылары ел қоржынына үш медаль салды.
ERNUR.KZ. Павлодарда жуырда кикбокстан Венгрия еліндегі әлем кубогінен оралған спортшылармен кездесу өтті, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Еске салайық, Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксингтен Әлем кубогі өтіп, Павлодар облысының спортшылары ел қоржынына үш медаль салды.
Әйелдер арасында 60 келіде сынға түскен павлодарлық Шара Хамзина чемпион атанды. Ал, ерлер арасында 60 келіде фул-контакт түрінен Әділ Айтымов күміс, лоу-кик түрінен 60 келіде Абдурахим Смекенов қола жүлдегер атанды.
"Бұл жолы жарысқа мықтылар келген жоқ. Соның өзінде қарсыластар едәуір қиындық көрсетті. Жарысқа Семейде, Ташкентте дайындалдық. Алтын алып, ата-анамның, бапкерлердің сенімін ақтаған соң мақтаныш сезімде оралдым. Енді қазан айында Италиядағы әлем чемпионатына баратын боламын", - деді алтын жүлдегер Шара Хамзина.Шара Хамзина әлем кубогіндегі алтын медальді иеленгеннен кейін кикбоксингтен ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Айта кетейік, әлем кубогіне 45 елден 3500-ге жуық спортшы қатысқан. Қазақстаннан 40 спортшы сынға түсіп, 12 алтын медальмен командалық есепте 12-орынға тұрақтады.