Павлодарлық спортшы Азия мен Океания чемпионы атанды

0
594

Жекпе-жектер Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтті. Турнирге әлемнің бес елінен 60 спортшы қатысты.


Павлодарлық спортшы Азия мен Океания чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия мен Океанияның ашық чемпионаты өтті, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Жарыс 3 желтоқсанда басталды. Жекпе-жектер Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтті. Турнирге әлемнің бес елінен 60 спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Меруерт Дайырханова алтын медальге ие болды. Павлодарлық чемпион дзюдомен 30 жасында айналыса бастады. Соған қарамастан Меруерт Қазақстан чемпионатында күміс жүлделерді иемденіп, енді міне халықаралық жарыста топ жарды.

Тағы бір айта кетер жайт, елордада өтіп жатқан күрестен Қазақстан чемпионатында павлодарлық Мамед Ибрагимов 97 келіде чемпион атанса, 61 келіде Қуат Әміртаев екінші орын алды.