Польшадағы халықаралық турнирден елордалық екі жүзуші жүлдемен оралды

0
619

Елордалық спортшылар суға жүзу спортынан үздік атанды.


Польшадағы халықаралық турнирден елордалық екі жүзуші жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. 27-28 қарашада Польшаның Познань қаласында есту қабілеті бұзылған жасөспірімдер арасында жүзуден халықаралық турнир өтті, деп жазады 24.kz.

Елордалық спортшылар суға жүзу спортынан үздік атанды. Әлішер Талғат мен Танзиля Ғазизова Қазақстан құрамасының қоржынына 7 медаль салды. Әлішер 100 метрге кешенді жүзуден 3 алтын және 1 күміс алса, Танзиля 200 метр кешенді жүзуден бір алтын, бір күміс және қола медальды жеңіп алды.

"Мен осы жарыстарда өзімді көрсете алғаныма өте қуаныштымын. Мен көп дайындалдым және жаттығулардан қалмадым. Менің арманым – алдағы Сурдоолимпиадалық ойындарға қатысу. Маған жүзу өте ұнайды. Спорттың арқасында денсаулығымды сақтаймын, сондай-ақ көптеген жаңа достар таптым. Айта кету керек, жарысқа әлемнің 5 елінен, яғни Чехия, Украина, Беларусь, Қазақстан және Польшадан 80-нен астам спортшы қатысты", - деп жазады Әлішер Талғат, халықаралық турнирдің чемпионы.