Ерлер арасында осы күнге дейін Надальдан басқа ешбір теннисші бір турнирді қатарынан жеңбеген.
ERNUR.KZ.Әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» турнирінің финалында австриялық Доминик Тимді жеңді, есеп – 6:4, 6:3, 6:2. Осылайша ол Парижде жыл сайын өтетін Үлкен шлем турнирін 11-ші рет жеңіп алды.
Ерлер арасында осы күнге дейін Надальдан басқа ешбір теннисші бір турнирді қатарынан жеңбеген. Ал, швейцариялық Рожер Федерер Галледегі жарыста 9 рет чемпион атанған. Рафа 11 реттен 3 турнирде жеңімпаз болған: «Ролан Гаррос», Монте – Карло және Барселонадағы турнирлер.
Осы орайда айта кетсек, Рафаэль Надальда «Үлкен шлем» турнирлерін жеңіп алу бойынша есебі 17-ге жетті. Бұл барада ол тек қана Рожер Федерерге (20 рет чемпион болған) жол беріп тұр.