Ресейлік промоушен Хабибке қоштасу жекпе-жегі үшін 440 миллион төлеуге дайын

0
656

Нурмагомедов карьерасын былтыр аяқтаған.


Ресейлік промоушен Хабибке қоштасу жекпе-жегі үшін 440 миллион төлеуге дайын

ERNUR.KZ. АСА лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев жеңілмеген UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке өз ұйымдарындағы қоштасу айқасы үшін 440 миллион рубль төлеуге дайын екенін айтты, деп жазады vesti.kz.

Мұның алдында Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров АСА ұйымындағы жекпе-жек үшін Хабибке кез келген сомманы төлеуге дайын екенін мәлімдеген.

"Хабибке АСА-да 440 миллион рубль не одан да көп төлеуге дайынбыз ба? Мұндай ақша төлеуге мүмкіндік бар. Бұл қаншалықты ойға қонымды деген сұрақ туады. Бұл республика басшысының айтқаны. Әрине, лига мұнша төлеуге дайын, өйткені бұл айтулы оқиға - Хабибтің қоштасу айқасы. Бұл оқиғаны дүркіретіп өткізуге болады", - деп береді Бадаевтың сөзін Sport24 порталы "ХукВам" шоуына сілтеме жасап.