Ресей спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына шақырылмайтын болды

0
1 467

Халықаралық Олимпиада комитетінің комиссиясы Спорттық арбитражды сот ақтаған 13 ресейлік спортшы мен 2 жаттықтырушыға Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына шақыру беруден бас тартты.


Ресей спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына шақырылмайтын болды

Халықаралық Олимпиада комитетінің комиссиясы Спорттық арбитражды сот ақтаған 13 ресейлік спортшы мен 2 жаттықтырушыға Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына шақыру беруден бас тартты. Бұл туралы ұйымның баспасөз хабарламасында айтылады. ХОК комиссиясы Спорттық арбитражды сот (CAS) шешімі Ресей спортшыларын ақтағанымен, олардың құлан таза екеніне сенім жоқ, әрі олардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны айқын дәлелін таппады дегенге келісіп отыр.

Осының алдында CAS өмір бойына спорттан шеттетілген 28 ресейлік спортшының аппеляциялық шағымын қанағанттандырған еді. Содан кейін Ресейдің Олимпияда комитеті ХОК-не сол спортшыларға 2018 жылы өтетін қысқы Ойындарға жеке шақыру беру туралы өтінішпен шыққан болатын. Әңгіме скелетонист Александр Третьяков, шаңғышылар Александр Легков пен Евгений белов, конькиші Ольга Фаткулина мен Александр Румянцев, жаттықтырушылар Альберт Демченко мен Сергей Чудинов жайлы.

Фото ria.ru сайтынан алынды