Айыппұл сомасы Роналдудың екі апталық жалақысына тең.
ERNUR.KZ. «Манчестер Юнайтед» футбол клубы төрешінің соңғы ысқырығына дейін стадионнан кеткені үшін шабуылшы Криштиану Роналдуға 887 мың еуро айыппұл салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға «Тоттенхэмге» қарсы 12-турдың матчы кезінде болды, кездесу "Манчестер Юнайтедтің" пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
Белгілі болғандай, португалдық аяқ доп шебері матчтың 89-минутында екінші рет ауыстыру жасалып, алаңға шықпаған бойы орындықтан тұрып, стадионнан шығып кетті.
Осыдан кейін Роналду негізгі командамен жаттығудан шеттетілді. Бүгін ол жастар командасын жаттықтыру кезінде жеке дайындалды.
Айыппұл сомасы Роналдудың екі апталық жалақысына тең екендігі атап өтілді.
Жазда португалдық ойыншының жалақысы 25% - ға төмендеді. Қазіргі уақытта футболшы аптасына шамамен 443,5 мың еуро алады.
22 қазанда Манчестер Юнайтед АПЛ-нің 13-ші туры аясында Челсимен ойнайды. Белгілі болғандай, Роналду бұл матчқа өтінімге қосылмаған. Шабуылшы «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Эрик тен Хагтың бұйрығымен құрамнан шығарылды.