Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
"Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады", – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.