Бұл Қазақстан құрамасының Бангкоктегі алғашқы жүлдесі.
ERNUR.KZ. Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогі додасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда мүшесі Санжар Мұсаев олимпиадалық айналым бойынша қола жүлдегер атанды. Бұл Қазақстан құрамасының Бангкоктегі алғашқы жүлдесі. Бүгін тағы бір қазақстандық мерген Ильфат Абдуллин классикалық әдіс бойынша садақ атудан алтын медальға таласады.
Сондай-ақ, Рустам Қарабалаев блоктық әдістен финалда бақ сынайды. Қыздар арасында блоктық әдіспен ату бәсекесінде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Мария Өмірзақова тіркеді. Ол 683 ұпаймен 9-шы орын иеленген болатын.