Саяси мәлімдеме жасаған спортшылар жазаға тартылады - Олимпиаданы ұйымдастырушылар

0
1 325

Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.


Саяси мәлімдеме жасаған спортшылар жазаға тартылады - Олимпиаданы ұйымдастырушылар

ERNUR.KZ. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ресми өкілі Олимпиада рухын бұзған спортшылар жазаға тартылатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бейжің халықаралық байланыстар департаменті бас директорының орынбасары Ян Шудың айтуынша, Олимпиада рухына, атап айтқанда Қытай заңына қайшы келетін кез келген мінез-құлық пен қисынсыз сөз белгілі бір жазаға тартылады.

"Олимпиада рухына және Қытай заңдарына қайшы келетін кез келген мінез-құлық белгілі бір жазаға тартылады. Олимпиада хартиясының 50-ережесінде демонстрацияға жол берілмейтінін айтады. Олимпиадалық нысандарда ешқандай демонстрацияларға, саяси, діни немесе нәсілдік насихатқа жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) спортшылар кез келген мәселе бойынша өз пікірлерін баспасөз конференцияларында және сұхбаттарда еркін білдіре алатындығын айтты.

Агенттіктің хабарлауынша, аккредитациядан бас тарту ұйымдастырушылар нұсқаулығында көрсетілген нұсқауларға сәйкес жаза болады.

Айта кету керек, өткен Олимпиадаларда спортшылардың Олимпиада хартиясын бұзу дерегі тек ХОК тарапынан қаралды.

"Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық хартияның Негізгі принциптерінде де, этика кодексінде де бекітілген адам құқықтарын мойындайды және қолдайды", - делінген ХОК мәлімдемесінде.

Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.