Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілде айына дейін тоқтатылды

0
731

FIE сәуір, мамыр және маусым айларына жоспарланған турнирлерді өткізбейді.


Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілде айына дейін тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қытайда басталған коронавирус індеті барлық спорттық жарыстарға тоқтау салды. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2020 жылдың сәуір, мамыр және маусым айына дейінгі жарыстарды кейінге шегерді, деп жазады Olympic.kz.

«Бірнеше айдан бері Covid-19 індеті бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызды. Барлық спортшыларды, федерациялар мен семсерлесу спортының жанкүйерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өз елдеріңіз ұсынған нұсқаулықтарды сақтауға шақырамын. Халықаралық Олимпиада комитеті Токио ойындарының мерзімін ауыстырған соң, FIE атқарушы комитеті бірқатар шешім қабылдады», - делінген FIE президенті Алишер Усмановтың жазбасында.

Әлемдегі ахуалды ескере отырып, FIE сәуір, мамыр және маусым айларына жоспарланған турнирлерді өткізбейді. 2020 жылдың наурыз айына дейінгі нәтижелер мен іріктеу сындарындағы ұпайлар сақталады. Олимпиадаға іріктеу турнирлері қайта басталған соң, рейтинг де іске қосылмақ. Ерлер мен әйелдер араындағы әлем кубогінің төрт кезеңі кейінге шегерілді. Аталған бәсекелер коронавирусқа қатысты жағдай реттелген соң өткізілетін болады.