​Сенсация: Ресей ширек финалға шықты

0
1 575

Испания мен Ресей құрама командаларының матчында фаворит сөзсіз Фернандо Йерро шәкірттері еді. Бірақ, жасыл алаңда бәрі де өзгеше болды.


​Сенсация: Ресей ширек финалға шықты

ERNUR.KZ. Футболдан Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалшылары анықталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Франция құрама командасы Аргентинаны 4:3 есебімен жеңіп, Лионель Мессидің командасын турнирден шығарып жіберген болатын. Ал, Уругвай футболшылары әлемнің теңдессіз футболшысы бар Криштиану Роналдудың Португалиясын жеңген болатын.

Испания мен Ресей құрама командаларының матчында фаворит сөзсіз Фернандо Йерро шәкірттері еді. Бірақ, жасыл алаңда бәрі де өзгеше болды. Испания негізгі уақытта турнир қожайындарының қақпасына бірде бір гол соға алмады. Матчтағы екі гол да ресейліктердің есіміне жазылды. Игнашевичтің автоголы, Дзюбаның пенальтиден соққан тамаша голы кездесудің 1:1 есебімен аяқталуына себеп болды.

Қосымша 30 минутта испаниялықтар шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ, Игорь Акинффевтің қақпасын нысанаға алу бақыты бұйырмады. Пенальтилер сериясында бақыт құсы Ресейге қонып, олар жеңіске жетті. Осылайша мундиалдың қожайындары Испаниядан басым түсті. Есіңізде болса, осыдан 10 жыл бұрын Еуропа чемпионатының жартылай финалында испаниялықтар басым түскен болатын.

Ресей матчқа тыңғылықты дайындалғаны белгілі болды. Бас бапкер Станислав Черчесов мундиал басталар кезде үлкен сынға қалған болатын. Ол «біз өз ойынымызды көрсетеміз» деп айтқан еді. Қазір команданың қандай дайындық жасап, үлкен нәтижелер көрсете алатынын жасыл алаңда паш етіп жатыр. Ең бастысы, өздеріне жеңіс және бүтін Ресейге қуаныш сыйлауда.

Енді Станислав Черчесовтың шәкірттері ширек финалда Хорватиямен кездесіп, нағыз мықты анықтайтын болады. Хорватиялықтар да ресейліктер сияқты 1/8 финалда пенальтилер сериясынан жеңіске жетті.