Қоян-қолтық ұрыстан Сора Рахмонова бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады vesti.kz.
Қоян-қолтық ұрыстан Сора Рахмонова бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған. Астанадағы жарыста тағы да өзіне тең келер қарсылас жоғын дәлелдеді.
Сора – қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері, UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың қарындасы. Соңғы рет NAIZA 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны жеңген болатын.