Шілде айында Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

0
457

Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын.


Шілде айында Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

ERNUR.KZ. Шілдеде Астана қаласында Жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азия бокс конфедерациясы басшылығы биыл жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қазақстанда, Астанада 14-30 шілде аралығында өтетінін растады. Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын. Жеті жылдық үзілістен кейін негізгі оқиға елімізге қайта оралмақ.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты туралы барлық ақпарат, команда делегациясы тізімі, өтінім үлгісі мен кестесі ұлттық федерациялар үшін жақын арада дайын болады. Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды», - делінген ASBC хабарламасында.