Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшесінің жүргізушісі әлем чемпионы атанды

0
876

Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Осыдан бір ай бұрын ол Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын.


Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшесінің жүргізушісі әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, деп жазады sputnik.kz

Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.

Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Осыдан бір ай бұрын ол Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Жекпе-жек оңай болмады. Оның қарсыласы да есе жібермеуге барынша тырысты. Алайда Ерзат Сақабанов қарсыласының жауырынын жерге тигізді.

Айта кетері, ол Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет етеді.