ERNUR.KZ. 9 - 20 маусым аралығында Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыста Шымкент қалалық Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің спортшылары сәтті ойын көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Блиц түрінен 9 жастағы Бақдәулет Сапархан ел біріншілігін 3-орынмен аяқтады. Ал, тоғызқұмалақтың бұл түрінен Оңғар Даниял 3-орыннан көрінді.