"Соңғы айқас". Головкинге үлкен жекпе-жек ұсынылды

0
555

IBF Головкинді бразилиялық Эскива Фалькао, WBA - Эрисланди Ларамен айқасуға міндеттеді.


ERNUR.KZ. Manny Boxing Channel Youtube арнасы орта салмақта WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 KО) үлкен айқас үшін титулдарды қорғаудан бас тартуды ұсынды, деп жазады vesti.kz.

Келісім бойынша, қазақстандық боксшы IBF белбеуін Эскива Фалькаоға, одан кейін WBA титулын Эрисланди Лараға қарсы қорғауы тиіс.

"IBF Головкинді бразилиялық Эскива Фалькао, WBA - Эрисланди Ларамен айқасуға міндеттеді. Бірақ Головкин екеуімен де шықпауы ықтимал. Ол ешкімді тыңдауға міндетті емес, Головкин үлкен жекпе-жек өткізіп, зейнетке кете алады. Ол басқа боксшы - Хйме Мунгияның арманын орындаса. Мунгия көптен бері Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол мықтырақ қарсылас және үлкен табыс әкеледі. Сондықтан міндетті жекпе-жектер өтпеуі де мүмкін", - деп атап өтті Manny Boxing Channel.