Спорт арбитраж соты ресейлік спортшыға қатысты шешім шығарды

0
513

​CAS Валиеваға Бейжіңдегі Олимпиадада жеке турнирге қатысуға рұқсат етті.


Спорт арбитраж соты ресейлік спортшыға қатысты шешім шығарды

ERNUR.KZ. Ресейлік спортшы Камила Валиева Бейжіңдегі Олимпиадада жеке жарысқа қатыса алады. Бұл туралы Спорт арбитраж соты таратқан хабарланған, деп жазады sputnik.kz.

"Халықаралық Олимпиада комитеті, WADA мен ISU шағымдары кері қайтарылды", - деп жазылған құжатта.

Алайда СAS командалық жарысқа қатысты мәселені қарастырған жоқ. Оны басқа іс жүргізу аясында қарастыру жоспарланып отыр. 7 ақпанда ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар командалық жарыста жеңді. Бірақ марапаттау шарасын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.
11 ақпанда Халықаралық допинг тестілеу агенттігі (ІТА) Валиева 2021 жылдың 25 желтоқсанда тапсырған допинг-сынама триметазидин препаратына қатысты оң нәтиже бергенін хабарлады.
Алайда бұл деректі Стокгольмдегі допингке қарсы зертхана 8 ақпанда, яғни ресейліктердің жеңісінен кейінгі күні жолдады. Осыдан кейін Ресейдің допингке қарсы агенттігі Валиеваны жарыстан уақытша шектеді.
Бірақ келесі күнгі апелляциядан кейін оның күші жойылды. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) бұл шешімге қатысты CAS мекемесіне шағымданды.