Таеквондошыларымыз халықаралық турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

0
1 081

Бəсекеге 21 мемлекеттен 350 таеквондошы қатысты.


Таеквондошыларымыз халықаралық турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Пәкістан астанасы Исламабадта өтіп жатқан таеквондодан G2 санатындағы Asian Open Championship халықаралық турнирі аяқталды. Отандастарымыз 5 алтын, 1 күміс, 7 қола медаль еншіледі, деп жазады vesti.kz.

Нұрай Құсайынова (67 кг), Наргиз Қойшыбекова (46 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг) мен Жансель Дениз (+73 кг) жарыс жеңімпазы атанды. Бір күміс жүлдені Айдана Еділбаева (46 кг) еншіледі. Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Эльдар Бірімбай (68 кг), Нұрбол Ерсайынов (87 кг), Арайлым Асқарова (57 кг), Диана Абсенова (73 кг), Жадыра Хайруллина (67 кг) мен Самирхон Абабакиров (58 кг) қола медальға қол жеткізді.

Жалпы есепте Қазақстан əйелдер құрамасы бірінші, ерлер үшінші орын алды. Бəсекеге 21 мемлекеттен 350 таеквондошы қатысты.