Тарихта алғаш рет чемпиондардың аналарына ақшалай сый берілді

0
596

Іс-шара барысында боксшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтен ақшалай сыйлықтар алды.


Тарихта алғаш рет чемпиондардың аналарына ақшалай сый берілді

ERNUR.KZ. Кеше, 31 мамыр түнде Ташкентте өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен бокстан Қазақстан құрамасына құрмет көрсетілді, деп жазады vesti.kz.

Іс-шара барысында боксшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтен ақшалай сыйлықтар алды.

"Барлық боксшыларды, бапкерлер мен қызметкерлерді осы жетістікпен құттықтаймын. Барша жанкүйерді қуантқан үлкен іс атқарылды. Осыған қатысты бәріне алғысымды білдіремін", - деді Рақышев.

Санжар Тәшкенбай, Сабырхан Махмұт, Нұрбек Оралбай, Асыланбек Шымбергенов сияқты чемпиондар 100 мың доллардан, ал күміс иленеген Дулат Бекбауов 50 мың доллар алды.

Сонымен қоса, Нью-Делиде өткен бұрымдылар арасындағы ӘЧ жүлдегерлері де марапатсыз қалмады. 10 мың доллардан Карина Ибрагимова, Ләззат Күнгейбаева, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтайға табыс етілді.

Бапкерлер, кеңесшілер мен кешенді-ғылыми топ мүшелері де сыйақыларын алды. Одан бөлек тарихта алғаш рет чемпиондардың аналарына да ақшалай сый табысталды.