Ташкенттегі Grand Slam турнирі: Әбиба финалға жолдама алды

0
558

Қазақстандық татами шебері жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция) жеңді.


Ташкенттегі Grand Slam турнирі: Әбиба финалға жолдама алды

ERNUR.KZ. Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Әбиба Әбужақынова финалға шықты, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық татами шебері жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция) жеңді. Осылайша, Әбиба осыған дейін Бакуда өткен турнирде кеткен есесін қайтарды.

Әбужақынова ширек финалда АҚШ дзюдошысынан басым түсіп, D тобында ешкімге дес бермеді. Әбиба оған дейін Түрікменстан, Израиль спортшысынан басым түсті. Енді кешке 48 келіге дейінгі салмақтың финалында Әбиба ресейлік Сабина Гилиязовамен күреседі.

Айта кетейік, ресейлік балуан осы салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Ғалия Тынбаеваны жеңген. Ерлер арасында команда көшбасшысы Елдос Сметов ширек финалда жеңіліп қалып, жарысты жарты жолдан аяқтады аяқтады.

Ташкенттегі Grand Slam турнирі - Қазақстан дзюшылары үшін жыл басынан бері қатысып жатқан төртіншті ірі жарыс. Бұған дейін ұлттық құрама балуандары Португалия Гран Приі мен Париж және Баку Grand Slam турниріне қатысқан еді. Бұл додаларда Әбиба Әбужақынова екі мәрте қола жүлдегер атанса, Шархан Нұрлыхан ақпан айының басында Париждегі турнирде қола медальға қол жеткізген болатын.