Теміртаулық велошабандоз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
564

Жарысқа 45 елден 500-ден астам спортшы қатысты.


Теміртаулық велошабандоз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Теміртаулық он жеті жасар велошабандоз Кирилл Курдиди велоспорттан Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Жарыс Каирде (Египет) өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарысқа 45 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына Қарағанды облысынан үш спортшы кірді.

Кирилл Курдиди 1000 метр қашықтыққа бағытталған гитте қола медаль жеңіп алды.

Гит – бұл жеке велотрек жарысының бір түрі. Мұндай жарыста сәттіліктің негізгі компоненттері – күш пен техника. Нәтиже секундтың мыңдық үлесіне дейінгі дәлдікпен тіркеледі.

«Кирилл 11 жасынан бастап велоспортпен айналысады. Трек және тас жол сияқты бағдарламалар түрінде жаттығады. Оның осы сәтті өнер көрсетуіне дейін де спорттағы жеңістері жетерлік. Қазақстан чемпионаттарының күміс медальдары, 2021 жылы қысқы республикалық біріншілікте командалық спринтте жеңіске жетсе, кейін жарыста екінші орын алды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында.

Велошабандоздың алғашқы тәлімгері – жоғары деңгейдегі жаттықтырушы Елена Поленова. Қазіргі уақытта спортшыны олимпиадалық даярлау орталығының трек-спринт бойынша аға жаттықтырушысы Иван Сиваш жаттықтырады.