Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

0
694

​Қазақстандық әйелдер сәуір айында командалық әлем чемпионаты біліктілігінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық раундына шықты.


Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

ERNUR.KZ. Әйелдер ұлттық құрамасы жаңартылған Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде 16-шы орыннан 9-шы орынға көтерілді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша елдерінің командаларын басып озды. Қазақстандықтар сәуір айында командалық әлем чемпионаты біліктілігінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық раундына шықты.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы - Австралия құрамасы.
Billie Jean King Cup-тің ондығы:
1. Австралия - 1002,71;
2. Франция-885,6;
3. Испания-884,62;
4. Чехия-842,92;
5. Швейцария - 881,81;
6. Канада-780,09;
7. АҚШ - 758,09;
8. Словакия - 744,23;
9. Қазақстан - 704,75;
10. Германия - 702,52.